Skip to content

Ағымдағы жылдың қараша айының басында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен біздің ауруханаға заманауи ашық реанимациялық кешен орнатылды. #2

Ағымдағы жылдың қараша айының басында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен біздің ауруханаға заманауи ашық реанимациялық кешен орнатылды.

Бұл жаңа құрылғы – перзентханада ауыр жағдайда туылған немесе шала туған нәрестелердің жағдайын жедел тұрақтандыруға арналған маңызды медициналық жабдық. Ашық реанимациялық кешеннің мүмкіндіктері дәрігерлерге нәрестелерге бірден кәсіби көмек көрсетуге, тыныс алуын қалпына келтіруге және өмірлік маңызды функцияларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Жаңа кешеннің енгізілуі – ауданымыздағы ана мен бала денсаулығын қорғауға жасалған үлкен қадам. Бұл жабдықтың арқасында шала туған сәбилердің өмір сүру мүмкіндігі артып, медициналық көмектің сапасы біршама жақсарады.

Біздің мақсат – әрбір бүлдіршіннің аман-есен өмірге келуіне жағдай жасау.

Жаңғырған медициналық жабдық – аудан денсаулығына қосылған зор үлес!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *