Перейти к содержимому

Кеген аудандық орталық ауруханасында алғаш рет сәтті сүйекке операция жасалды!

Кеген аудандық ауруханасының тарихында маңызды оқиға орын алды — алғаш рет төменгі аяқ сүйегіне күрделі ашық репозиция және экстрамедуллярлы остеосинтез (бұрандалы, бұрыштық тұрақтылығы бар пластинамен) сәтті жүзеге асырылды.

24 жастағы азамат шұғыл түрде туысқандарының көмегімен ауыр жарақатпен жеткізілді. Диагноз: оң жақ асықты жіліктің төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынығы, ығысуымен.
Жарақат себебі: жылқыдан құлау.

Науқас шұғыл түрде клиникалық және рентгенологиялық тексеруден өтіп, білікті травматолог ортопедтердің қатысуымен операциялық үстелде көмек көрсетілді.

Бұл маңызды операцияның орындалуына Уйгыр аудандық орталық ауруханасының ұжымы техникалық көмек көрсетіп, арнайы құрал-жабдықтармен қолдау білдірді. Бірлескен әріптестік – ауданаралық өзара жәрдемнің жарқын үлгісі!

Алғаш рет орындалған бұл операция – Кеген аудандық ауруханасының кәсіби деңгейінің және аудан медицинасындағы ілгерілеудің айғағы!

Осындай оқиғалар — ауылдық өңір медицинасының дамып жатқанын көрсетеді. Біз халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін бірлесіп жұмыс істейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *