Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында Кеген аудандық ауруханасының емхана бөлімімен және ауылдық медициналық пункттерінде бірқатар шаралар іске асырылды.
Жүргізілген жұмыстар:
- Ауылдық елді мекендерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
МӘМС жүйесіндегі жаңартулар, төлем тәртібіндегі өзгерістер, жеңілдікті санаттардың тізімі және медициналық қызметтерге қолжетімділік туралы тұрғындарға толық ақпарат берілді. - Емхана бөлімінде ақпараттық бұрыш жаңартылды.
МӘМС бойынша өзгерістерді қамтитын ақпараттық стендтер, үлестірме материалдар және көрнекі түсіндіру парақтары орналастырылды. - Брошюралар таратылды.
Тұрғындарға арналған ақпараттық брошюралар дайындалып, емханаға тіркелген халыққа, ауылдық медициналық пункттерге, фельдшерлік-акушерлік бекеттерге және қоғамдық орындарға таратылды. - Ақпараттық парақтар қоғамдық орындарға жабыстырылды.
Тіркеу бөліміне, қабылдау бөліміне, аналар кеңесі кабинетіне, тіс емдеу кабинеттеріне, оқыту залына жәнеде көпшілік жиылатын нысандарда МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы парақтар ілінді. - Тіркеу бөлімінде, оқыту залында және аналар кеңесі бөліміндегі теледидарға МӘМС жүйесі бойынша бейнероликтер қосылды.






