Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі ведоствоаралық комиссия отырысының 24 маусым 2024ж. хаттамасын орындау мақсатында жөнінде ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КМК ұжымы арасында кеңес 30.07.2024ж. өткізілді.
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарды қалыптастыру.
Кеңеске төрағалық етуші: Кәсіпорын директорының орынбасары Б. Жанузакова.
Баяндаушы: Комплаенс-офицер О. Рамазанов.
Қатысушылар: Кәсіпорын ұжымы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашада № 410-V ҚРЗ қабылданған Қазақстан Республикасының Заңының талаптары кәсіпорын ұжымына түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінде көзделген жауапкершіліктер ұжымның назарына жеткізілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін болдырмау айтылды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек екендігі талқыланды. Кеңес соңында, сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларын ұжым болып атқаруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығы тілге тиек етілді.